Үндістанда коронавирус жұқтырғандардың саны 1 миллион 200 мыңға таяп қалды.
ERNUR.KZ. Үндістан астанасы Нью-Делиде коронавирусты шамамен әрбір төртінші тұрғын жұқтырған, деп хабарлайды Хабар24.
Ауруларды бақылау бойынша Ұлттық орталық мамандарының жүргізген зерттеу нәтижесі осындай.
Елде коронавирус жұқтыру деректері 1 миллион 200 мыңға таяп қалды. Індеттен ең қатты зардап шеккен өңірлердің бірі осы Нью-Дели. Соңғы екі апта бойы мұнда тәуліктік жаңа деректер саны 1200-ден түспей тұр. Жергілікті ауруханаларда орын тапшылығы қатты сезіліп жатыр.
- Біз тест санын арттырып жатырмыз. Сөйтіп, бүгінде тәулігіне 200 мың тексеру жүргіземіз. Вирусты жұқтырған тұрғындардың 80-85 процентінде індет белгілері әлсіз не тіптен симптомсыз өтіп жатыр, - дейді пульмонология мен интенсивті терапия бөлімінің басшысы Друва Чаудри.