Бағалы металл өткен жылдың желтоқсан айынан бастап қымбаттай бастаған.
Фото: unsplash
ERNUR.KZ. Comex сауда алаңында (Нью-Йорк тауар биржасы) алтын фьючерстерінің бағасы төмендеп, трой унциясы үшін 5 000 доллар межесінен түсті, деп жазады zakon.kz.
Қазақстан уақытымен сағат 22:05-тегі жағдай бойынша, активтің құны 4 973 долларды құрады.
Ал сағат 20:00-де баға 5 083 доллар деңгейінде болған. Одан кейін 30 минут ішінде көрсеткіш күрт төмендеп, 4 910 долларға дейін түскен. Сағат 21:05-те алтын бағасы 4 968 долларға жетті.
Айта кетейік, алтынның бір трой унциясы 5 000 доллардан жоғары деңгейде 9 ақпаннан бері сақталып тұрған еді. Бағалы металл өткен жылдың желтоқсан айынан бастап қымбаттай бастаған.


