Ғимараттың жаңа жарық композициясы «Американың жүрек қағысы» деп аталады.
ERNUR.KZ. Нью-Йорк символдарының бірі – Эмпайр-стейт-билдинг ғимараты коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге қолдау көрсетудің белгісі ретінде өзінің сыртқы жарықтануын өзгертті, деп хабарлайды Хабар24.
«Коронавируспен күрес аяқталғанша ғимараттың дәстүрлі ақ түсті жарығы «Американың жүрек қағысына» ауыстырылады», - делінген хабарламада.
Ғимараттың жаңа жарық композициясы «Американың жүрек қағысы» деп аталады.
Үстіңгі қабаттар жүректің соғуы сияқты қызыл шамдармен жарықтандырылған. Ал қызыл және ақ шамдар жедел жәрдемнің белгісі тәрізді қозғалып тұрады.