"Оған жетпегеніңіз жөн": Дәрігер COVID-19 жұқтырғандар жатқан бөлімшеден видео түсірді

0
878

Ауруханада әлі күнге дейін ауыр науқастардың көп, оның ішінде жастар да бар.


ERNUR.KZ. Мәскеуде Филатов атындағы № 15 клиникалық аурухананың бас дәрігері Валерий Вечорко коронавирус жұқтырғандар жатқан Бірінші Град ауруханасының жансақтау бөлімінен видео түсірді. Роликті COVID-19 жағдайын бақылау бойынша шұғыл штаб жариялады, деп жазады Tengrinews.kz.

Дәрігер ауруханада әлі күнге дейін ауыр науқастардың көп екенін, оның ішінде жастар да барын атап өтті. Сонымен қатар, науқастардың көбін өкпені жасанды желдету аппаратына қосуға мәжбүр.

"ӨЖЖ емдеу емес, бұл дененің өмірлік маңызды функцияларын сақтау әдісі деп айтқым келеді. Оған жетпегеніңіз жөн", - деді дәрігер.


ДДҰ мәліметі бойынша, бүгінде үш миллионнан аса адам коронавирус жұқтырған, оның ішінде 208 мың адам қайтыс болса, миллионға жуық адам жазылған.