Оңтүстікафрикалық штамм вакцина әсерін 30 пайызға төмендетеді - БАҚ

0
2 161

Сынақтар AstraZeneca вакцинасына жүргізілді.


Оңтүстікафрикалық штамм вакцина әсерін 30 пайызға төмендетеді - БАҚ

ERNUR.KZ. Коронавирустың оңтүстікафрикалық түрі вакциналардың тиімділігін 30 пайызға төмендетуі мүмкін. Бұл туралы ұлыбритания ғалымдары ескертті, деп жазады Tengrinews.kz.

SAGE жүргізген талдау нәтижесі бұл штамм вакцинацияланған немесе бұрын вирус жұқтырған адамдардың антиденелерінің тиімділігін 10 есеге дейін төмендетуі мүмкін екенін көрсеткен.

Сынақтар AstraZeneca вакцинасына жүргізілді.

Ресми түрде B.1.351 деп аталатын оңтүстікафрикалық штамының тікенекті ақуызында үш негізгі мутация бар, бұл оған иммундық жүйеден "жасырынуға" көмектеседі.

COVID-19 адам жасушаларына жабысу үшін өз инесін қолданады, ал қазіргі вакциналар адам ағзасына осы ақуызды тануға үйрету үшін жасалған.

SEGA бразилиялық P.1 нұсқасы аса алаңдаушылық тудырмайтынын, өйткені оның мутациясы аз, бірақ вакциналарға біршама төзімді болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Ал оңтүстікафрикалық штамм түпнұсқаға қарағанда кем дегенде 60 пайызға жұқпалы саналады.

Англияның Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі бүгінде Ұлыбританияда "Оңтүстік Африка" штамын жұқтырған 412 адамды анықтады.

Еске салайық, Алматыда коронавирус мутациясының ұлыбританиялық және оңтүстікафрикалық штамы анықталды. Жандарбек Бекшин осыған байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраған.