Өзбекстан Кореядан 6 жүрдек электр пойызын сатып алады

0
281

Бұл жоба арқылы жолаушылар тасымалын жылына 1,3 миллион адамға дейін ұлғайтып, қосымша 300-ден астам жұмыс орнын ашу жоспарлануда.


Өзбекстан Кореядан 6 жүрдек электр пойызын сатып алады

ERNUR.KZ. Өзбекстан темір жолдары үшін Кореяның Эксим банкінің қатысуымен 6 жүрдек электр пойызы сатып алынады. Бұл туралы 12 тамызда президент Шавкат Мирзиёев шешім қабылдады, деп жазады inform.kz.

2024 жылдың 14 маусымында Корея Республикасының «Hyundai Rotem» компаниясымен келісімге қол қойылғаны атап өтілді. Шешім бойынша жобаның жалпы құны 220,03 миллион еуроға тең, жобаны жүзеге асыру мерзімі 6 жыл.

Бұл жоба арқылы жолаушылар тасымалын жылына 1,3 миллион адамға дейін ұлғайтып, қосымша 300-ден астам жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Жобаның өзін-өзі ақтау мерзімі шамамен 25,1 жыл.

Корея Эксимбанкінің қарыздарын мақсатты және тиімді пайдалануға жауапты атқарушы органдар «Узбекистон темирйуллари» АҚ және оның құрамына кіретін «Темирйулэкспресс» АҚ болып табылады.

Айта кетейік, Нөкіс қаласынан Маңғыстау облысына пойыз қатынайтын болды.