Шымкентте 6 730 зейнеткер шипажай жолдамасымен қамтылды

0
115

Шипажайға жолдама беру үдерісі geo-shym.kz сайты арқылы автоматтандырылған.


Шымкентте 6 730 зейнеткер шипажай жолдамасымен қамтылды

Шымкент қаласында зейнеткерлердің денсаулығын нығайтуға және олардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік қолдау шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Қала әкімінің бастамасы және мәслихаттың шешімі негізінде биыл зейнеткерлерге 5 500 шипажайлық жолдама беру қарастырылған. Осы мақсатта мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 5 шипажаймен келісімшарт жасалған. Осы жылдың 1 қарашадағы жағдай бойынша аталған шипажайларға 3 850 жолдама берілді.
Атап айтқанда:
«Ақсу демі» – 770 жолдама;
«Күлпаршын» – 575 жолдама;
«Zari» – 580 жолдама;
«Түлкібас саясы» – 575 жолдама;
«Айша бибі» – 1 350 жолдама.
Сонымен қатар, басқармаға қарасты «Ізетті зейнеткер» орталығында да санаторлық-сауықтыру қызметтері көрсетілуде. Бүгінгі күнге дейін орталыққа 2 880 зейнеткер жолданған.
Осылайша, жыл басынан бері қала бойынша жалпы 6 730 зейнеткер шипажайлық-сауықтыру қызметімен қамтылды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 9 мыңға жеткізу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, шипажайға жолдама беру үдерісі geo-shym.kz сайты арқылы автоматтандырылған. Қазіргі таңда электронды кезекте 30 мыңнан астам азамат тіркелген. Бүгінде 2024 жылға дейін кезекке тұрған зейнеткерлерге жолдамалар кезең-кезеңімен берілуде.
Бөлісу