Қор сұратылған ақпарат пен материалдарды ұсыну арқылы тергеу органдарына жан-жақты көмек көрсетіп жатыр.
фото: Sputnik / Владислав Воднев
ERNUR.KZ. "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады, деп жазады sputnik.kz.
Бүгін Астанада "Самұрық-Қазына" және "Қазақстан темір жолы" компанияларының басшылары ұсталды. Олар жемқорлық жасады деген күдікке ілінді.
Ведомствоның мәліметінше қазіргі уақытта уәкілетті органдар тиісті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
"Қор Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыс істеп, сұратылған ақпарат пен материалдарды ұсыну арқылы тергеу органдарына жан-жақты көмек көрсетіп жатыр", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, екі басшыны ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары ұстаған.
Нұрлан Жақыпов 2023 жылдың сәуірінен бері "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарып келеді. Ал Елжас Отыншиев жақында-ақ, 2026 жылдың шілдесінде "ҚТЖ" басшысы қызметіне тағайындалған.


