Өзбекстан президенті әлеуметтік желілерге шектеу қойған шенеунікті қызметінен босатты

0
770

Шенеунік әлеуметтік желілерді шектеу туралы шешімді өз бетімен қабылдаған.


Өзбекстан президенті әлеуметтік желілерге шектеу қойған шенеунікті қызметінен босатты

ERNUR.KZ. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев ақпараттандыру және телекоммуникациялар саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекция басшысы Голибшер Зияевті қызметінен босатты, деп жазады Azattyq Rýhy.

Президенттің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов өзінің Telegram-каналында хабарлағандай, Зияев өз бетімен шешім қабылдағаны үшін қызметінен босатылды.

«Президенттің тапсырмасы бойынша ақпараттандыру және телекоммуникациялар саласында бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекцияның бастығы Голибшер Зияев өз бетімен шешім қабылдағаны үшін қызметінен босатылды. Осыған қатысты тергеу әрекеттері жүргізілетін болады», - делінген хабарламада.

Мирзиеев республикадағы әлеуметтік желілердің жұмысын шектеу туралы шешім орынсыз екенін жеткізді. Әлеуметтік желілерге қолжетімділік жақын арада қалпына келтіріледі.

Айта кетейік, Өзбекстандағы қадағалау органы ел аумағында бірқатар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді бұғаттау туралы шешім қабылдаған болатын.