Өзбекстанда футбол клубтары барлық дерлік салықтардан босатылды

0
433

18 шілдеде президент Шавкат Мирзиёев футбол клубтарына салықтық жеңілдіктер беру туралы заңға қол қойды.


Өзбекстанда футбол клубтары барлық дерлік салықтардан босатылды

ERNUR.KZ. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев футбол клубтарын, Футбол қауымдастығын, Кәсіпқой футбол лигасын үш жылға дерлік барлық салықтан босататын заңға қол қойды, деп жазады zakon.kz.

18 шілдеде президент Шавкат Мирзиёев футбол клубтарына салықтық жеңілдіктер беру туралы заңға қол қойды.

Салық кодексінің 483-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес (уақытша салық жеңілдіктері) 2023 жылғы 1 қаңтардан 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін Өзбекстан футбол қауымдастығы, оның өңірлік бөлімшелері, Өзбекстан кәсіпқой футбол лигасы, Футбол төрешілері орталығы, Өзбекстанның кәсіпқой футбол клубтары мен академиялары салықтың барлық түрлерінен (әлеуметтік салықты қоспағанда), тартылған шетелдік футболшылар мен мамандар үшін жеке табыс салығын төлеуден босатылды.

Бұған қоса футбол спорты нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін әкелінген, Өзбекстанда өндірілмейтін жабдықтар, спорттық жабдықтар мен технологияларды, құралдарды, хабар таратуға арналған барлық құрылғылар мен жабдықтарды, фармакологиялық өнімдерді, спорттық тамақтануды, футбол (футзал) алаңдарына арналған жасанды жабындарды, арнайы желімдерді және кәсіпқой спорттық құрал-жабдықтар әкелу кезінде қосымша құн салығынан босатылады.