Өзбекстанда қажетсіз шенеуніктер жаппай қысқартылмақ

0
90

Оқу жылы басталғалы Өзбекстан үкіметінде де бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды.


Өзбекстанда қажетсіз шенеуніктер жаппай қысқартылмақ
Фото: president.uz
ERNUR.KZ. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев биліктегі артық және тиімсіз қызметкерлерді қысқартуды тапсырды. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл қадам мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыруға бағытталған, деп жазады Stan.kz.


Жоспарға сәйкес аудан және қала әкімдерінің орынбасарларының саны 6-дан 4-ке дейін азаяды. Сонымен қатар 32 аудан мен қалада тоғыз министрліктің аумақтық бөлімшелері жергілікті әкімдіктердің (хокимияттардың) қарамағына өтеді.

Енді аймақ басшылары бұл бөлімшелерді өздері басқарып, кадрлық шешімдерді қабылдай алады.

Оқу жылы басталғалы Өзбекстан үкіметінде де бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды. Президент Мирзиеев "Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігінің" бірнеше орынбасарын қызметінен босатты.

Сондай-ақ білім сапасын қамтамасыз ету агенттігі мен инновациялық даму агенттігінің басшылары да лауазымдарынан айырылды.