Палестина БРИКС-ке кіруге өтініш берді

0
96

Мемлекет әлі жауап алған жоқ.


Палестина БРИКС-ке кіруге өтініш берді

Sputnik / Марина Юрченко

ERNUR.KZ. Палестина БРИКС-ке толыққанды мүше болуға өтініш білдірді. Бұл туралы РИА Новостиге Палестинаның Ресейдегі елшісі Абдельхафиз Нофаль хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
Мемлекет әлі жауап алған жоқ және қонақ ретінде қатысуды жалғастырып жатыр.
"Біз өтініш бердік, бірақ Палестинаның белгілі бір шарттары бар екенін білесіздер. Мен Палестина толыққанды мүше болуға жағдай жасалғанша, қауымдастыққа қонақ ретінде қатысады деп ойлаймын. Біз әлі жауап алған жоқпыз", - деді елші.
БРИКС – 2006 жылы Ресей, Қытай, Үндістан және Бразилия құрған үкіметаралық бірлестік. Оңтүстік Африка 2011 жылы қосылды.
2024 жылдан бастап БРИКС-ке Мысыр, БАӘ, Эфиопия және Иран, ал 2025 жылдың қаңтарынан бастап Индонезия кірді. Төмендегі елдер блокпен серіктес ретінде ынтымақтасады:
Беларусь;
Боливия;
Вьетнам;
Куба;
Қазақстан;
Малайзия;
Нигерия;
Тайланд;
Уганда;
Өзбекстан.