Әлемге әйгілі сәулет құрылысының мерейтойына орай отшашулар шоуы болды
ERNUR.KZ. Әлемге әйгілі сәулет құрылысының мерейтойына орай түрлі салтанатты шара ұйымдастырылды, деп жазады 24.kz.
Алдымен 1300 бүлдіршін 19-шы ғасырдағы киімдерді киіп мұнараны толтырса, кешкісін әсем отшашулар шоуы болды. Айта кетейік, биіктігі 324 метр болатын Эйфель мұнарасын инженер Гюстав Эйфель 1889-шы жылы Дүниежүзілік көрмеге орайластырып салған болатын. Сол дәуірдегі техникалық әлеуетті көрсетуді мақсат еткен сәулет құрылысы 2 жылдан астам уақыт тұрғызылды. Бастапқыда шаһар тұрғындары мұнараны ұнатпады да. Бірақ уақыт өте келе ол елдің басты символының біріне айналды.