Бұл ереже әлеуметтік желілердегі комментарийлерге қатысты да қолданылады.
фото raskrutkabloga.ru
Беларусь парламентінің төменгі палатасы "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңға түзетулер мен өзгерістер енгізу жобасын қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. azattyq.org сайтына сілтеме жасап.
Заң жобасы Беларусь журналистері ассоциациясының, тәуелсіз БАҚ пен құқық қорғаушылардың сынына ұшырады.
Құжатта интернетте "жалған" ақпарат таратқандарды жауапқа тарту қарастырылған. Бұл ереже әлеуметтік желілердегі комментарийлерге қатысты да қолданылады. Билік сонымен қатар жалған ақпарат таратты деп таныған сайттарды бұғаттай алмақ.
Беларусь билігі бұл заң арқылы "жалған хабармен" (fake news) күресетінін айтады. Парламенттің БАҚ жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Валентина Ражанец заң жобасын қабылдау "мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, азаматтардың толық, дұрыс әрі соңғы ақпараттарды алу құқығын іске асыратынын" айтады.
Оның сөзінше, заң жобасын екінші оқылымда талқылау кезінде оған ақпарат министрлігінің интернет ресурстарын бұғаттау туралы шешіміне сот арқылы шағымдану мүмкіндігі туралы бап қосылды.