Пелосидің сапарынан кейін Қытай Тайвань маңында зымыран ұшырды

0
595

Пелоси Тайбэйде жоғары лауазымды заң шығарушылармен және Цай Инвэнь аралдың әкімшілік басшысымен кездесті.


Пелосидің сапарынан кейін Қытай Тайвань маңында зымыран ұшырды

ERNUR.KZ. АҚШ Өкілдері палатасының спикері Нэнси Пелосидің сапарынан кейін Қытай Тайваньға жақын маңда әскери зымырандарды ұшырды, жазады Tengrinews.kz.

Қытай әскери күштері 7 тамызда түске дейін алты аймақта жоспарланған жаттығулар кезінде Тайвань жағалауындағы суда көп зымыран ұшырылатынын растады. Қытай 100-ден аса ұшақты, соның ішінде жойғыштар мен бомбалаушыларды және 10-нан аса әскери кемелерді іске қосқан.

Тайвань Қорғаныс министрлігі әуе қорғанысы аймағында Тайвань бұғазының ортаңғы сызығын кесіп өткен 22 қытайлық жойғыш ұшағын үркіту үшін ұшақтар әуеге көтерілгенін мәлімдеді. Ведомство 4 тамызда Қытайдың оңтүстік-шығыс жағалауындағы Цзиньмэнь аралдары үстінен ұшып өткен төрт ұшқышсыз ұшақты қорқыту үшін дыбыс шығаратын зымырандары атылғанын хабарлады.

"АҚШ-Тайвань сөз байласуы мен арандатушылығы Тайваньды тұңғиыққа итермелеп, отандастарын апатқа ұшыратады", - деді Қытай қорғаныс министрлігінің өкілі.

Қытайдың бұл сөзіне жауап ретінде президент Цай Инвэнь Тайвань қақтығыстарды тудырмайды, бірақ егемендігі мен ұлттық қауіпсіздігін берік қорғайды деп мәлімдеді.

"Біз импульсив емес сабырлымыз, араңдатушы емес рационалмыз, бірақ біз берікпіз, жалтарып қалмаймыз", - деді Цай Тайвань халқына жолдаған видео-хабарламасында.

Сонымен қатар, Ақ үй Қытайдың әрекетін айыптап, алдағы күндері Пекиннен реакция күтетінін айтты.

"Бейжіңнің арандатушылық әрекеттері айтарлықтай күшейе түсті және ол кво-статусын өзгертуге бұрыннан әрекет етіп жүр", - деді АҚШ Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі өкілі Джон Кирби.

Еске салайық, АҚШ пен Қытай арасындағы қарым-қатынас Пелосидің Тайваньға сапарынан кейін шиеленісе түсті. Ол аралға сапары "Тайвань демократиясын" қолдаудағы "Американың адалдығы" екенін айтты.

Пелоси Тайбэйде жоғары лауазымды заң шығарушылармен және Цай Инвэнь аралдың әкімшілік басшысымен кездесті. АҚШ конгресінің басшысы ұшақтан түсе сала, Қытай армиясы Тайваньдағы алты ауданда әскери жаттығу жариялады.