Сынақ алдағы аптаға жоспарланған.
ERNUR.KZ. Перу билігі қытайлық компанияның жасаған коронавирусқа қарсы вакцинасын клиникалық сынақтан өткізуге рұқсат берді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Шараға 6 мың адам қатысады. Бұл туралы осы елдің президенті Мартин Вискарра мәлімдеді.
Сынақ алдағы аптаға жоспарланған. Жалпы Перу билігі халқын коронавирусқа қарсы егу үшін 30 миллион доза вакцина алуды көздеп отыр. Осы мақсатта әлемдегі 5 зертханамен келіссөз жүргізіп жатыр. Ал, Латын Америкасының бұл мемлекетінде коронавирусты жұқтырғандардың саны 550 мыңнан асады. Дерттен 27 мыңға жуық науқас қайтыс болған.
- Қытай компаниясының клиникалық сынағы келесі аптада басталады. Бұл келісіліп қойылған мәселе. Ал осы айдың соңына таман AstraZeneca бірлестігі зертханасында дайындалған вакцинаны сынақтан өткізу қолға алынады, - дейді Перу президенті Мартин Вискарра.