Польша тұрғындары соңғы ширек ғасырда болмаған ерекше құбылысқа куә болды

0
2 719

Балтық теңізінің жағасындағы курортты қалашық жағажайында мұз қатып, қармен әдемі үйлескен кескіндер пайда болды.


Польша тұрғындары соңғы ширек ғасырда болмаған ерекше құбылысқа куә болды

ERNUR.KZ. Еуропада күн қатты суытып, көптеген елде қолайсыздық туып жатқанда, Польшада ерекше көрініс орнады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Балтық теңізінің жағасындағы курортты қалашық жағажайында мұз қатып, қармен әдемі үйлескен кескіндер пайда болды.

Керемет көріністі Associated Press ақпарат агенттігінің операторлары таспаға түсірген. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, соңғы ширек ғасырда жағажай бойына ұзын-сонар тізбекпен мұз қатып көрмепті.


– Түні бойы жағажайды аралап, көз ілмедік. Мұндай құбылысқа қалай таңқалмайсыз?! Әсері керемет, - дейді қала тұрғыны.


– Ғажайып көрініс. Өте әдемі. 25 жылдан бері осында тұрамыз. Бірақ мұндай көріністі бұрын-соңды көрмедік, - деді тағы бір тұрғын.