Фото:depositphotos.com
ERNUR.KZ. Ақтауда Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының хирургі ұсталды. Полицияның мәліметінше, ол кәсіби міндеттерін тиісінше орындамады деген күдікке ілінген, - деп жазады Tengrinews.kz.
Қылмыстық іс кәмелетке толмаған науқастың өлімінен кейін тергеліп жатыр. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, балаға облыстық балалар ауруханасында медициналық көмек көрсету кезінде ұйымдастырушылық-тактикалық және емдеу-диагностикалық сипаттағы кемшіліктер анықталған.
Баланың жағдайы нашарлағаннан кейін ол санитарлық авиациямен Алматыдағы медициналық мекемеге жеткізілген. Көрсетілген көмекке қарамастан, кейіннен кәмелетке толмаған бала қайтыс болды.


