Португалияда Қорғаныс министрлігін алғаш рет әйел адам басқаратын болды

0
812

Португалия президентінің сайтында жарияланған тізімге сәйкес, атқарушы билік премьер-министр мен 17 министрден тұрады, Ұлттық қорғаныс министрі Елена Каррейрасті қосқанда, тоғыз министрлікті әйел басқарады.


Португалияда Қорғаныс министрлігін алғаш рет әйел адам басқаратын болды

ERNUR.KZ. Португалия премьер-министрі Антониу Кошта үкіметтің жаңа құрамын таныстырды – тарихта алғаш рет әйел адам ұлттық қорғаныс министрі болып тағайындалды, деп жазады Zakon.kz.

Португалия президентінің сайтында жарияланған тізімге сәйкес, атқарушы билік премьер-министр мен 17 министрден тұрады, Ұлттық қорғаныс министрі Елена Каррейрасті қосқанда, тоғыз министрлікті әйел басқарады.

Португалияда жаңа жасақталған үкіметтің ұлықтау рәсімі келесі аптада өтеді.

Елена Каррейрас 1965 жылы Португалияның Порталегре қаласында дүниеге келген. Ол – әскери әлеуметтану маманы, НАТО-ға мүше елдердің Қарулы күштеріндегі гендерлік интеграция саясаты туралы ғылыми жобаның авторы. 2019 жылдың шілдесінен бастап Каррейрас Ұлттық қорғаныс институтын басқарды, бұл лауазымды атқарған алғашқы әйел атанды.