Путин Донецк, Луганск және екі облыста әскери жағдай енгізді

0
881

Қазір қаулы Федерация кеңесінің бекітуіне жіберілген.


Путин Донецк, Луганск және екі облыста әскери жағдай енгізді

ERNUR.KZ. Ресей президенті Владимир Путин Херсон және Запорожье облыстарында, Луганск пен Донецкте әскери жағдайды енгізу туралы шешім қабылданғанын жариялады, деп жазады tengrinews.kz.

Президент Владимир Путин Қауіпсіздік кеңесі отырысында Ресейге қосылған төрт аймақта - Луганск пен Донецкте, Запорожье мен Херсон облыстарында әскери жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойғанын мәлімдеді.Ресей басшысы бұл аумақтарда "Ресейге қосылғанға дейін әскери жағдай режимі болғанын" айтты.

"Қазір бізге бұл режимді ресейлік заңнама аясында ресімдеу керек. Сондықтан мен Ресей Федерациясының осы төрт субъектісінде әскери жағдайды енгізу туралы жарлыққа қол қойдым", - деді ол.

Әскери жағдай қанша уақытқа енгізілетіні нақтыланбаған. Путиннің айтуынша, бұл шешім "Украина тарапынан келетін лаңкестік қауіптерге" байланысты қабылданған.

Қазір қаулы Федерация кеңесінің бекітуіне жіберілген.