Путин газды Еуропа мен АҚШ-қа рубльге сату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді

0
775

Ресей президенті Владимир Путин табиғи газды Еуропа елдері мен АҚШ-қа ресейлік рубльге сату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.


Путин газды Еуропа мен АҚШ-қа рубльге сату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді

ERNUR.KZ. Бұл туралы ол түкімет отырысында айтты, деп жазады Stan.kz.

"Біздің өнімді Еуроодақ және АҚШ-қа жеткізіп, доллар мен еурода ақы алудың ешқандай мағынасы жоқ екені белгілі. Сондықтан ақы алу мәселесінде аз уақытта кешенді шаралар қабылдап, табиғи газды ресейлік рубльге сату туралы шешім қабылдадым. Яғни есеп айырысу кезінде өзге валютаны қолданудан бас тартамыз", - деді Путин.

Оның сөзінше, Ресей табиғи газды келісімшарттар көрсетілген баға белгіленімі мен көлеміне сәйкес жеткізуді жалғастыра береді.

"Өзге әріптестерімізге қарағанда біз сенімді серіктес ретінде абыройды бағалаймыз. Өзгеріс тек төлем валютасына енеді", - деп түсіндірді Путин.

Осы секілді мәлімдемені "Роскосмос" директоры Дмитрий Рогозин де жасаған.

"Біз де барлық сыртқы келісімдерді ресейлік рубль арқылы жасаймыз", - деді Рогозин.

Айта кетейік, бұған дейін саясаттанушы әлемнің екіге бөлінетінін болжаған еді. Сарапшының сөзінше, әлемде екі сауда блогы түзіледі.