Путин халықаралық ауқымды кеңістіктер құру қажеттілігін айтты

0
639

Путиннің мәлімдемесі адамзаттың болашағы туралы ойларға арналды.


Путин халықаралық ауқымды кеңістіктер құру қажеттілігін айтты

ERNUR.KZ. Ресей президенті Владимир Путиннің кешегі "Валдай" халықаралық пікірталас клубының пленарлық отырысындағы мәлімдемелерін кейбіреулер ескерту ретінде қабылдады, деп жазады sputnik.kz.

Путиннің мәлімдемесі адамзаттың болашағы туралы ойларға арналды. Ол батыстың жаһандандыру жоспарының сәтсіздігі туралы ғана айтып қоймай, бұл жоспардың баламасын ұсынды. Ерте ме, кеш пе, Батысқа бәрібір адамзатқа ортақ болашақ туралы тең сұхбатты бастауына тура келеді.
Әзірше Батыс өз үстемдігін сақтауға тырысып жатыр. Осы туралы Путин "өз үстемдігін сақтауға тырысқан әр әрекеті үшін Батыс мейлінше жоғары құн төлей беретінін" айтты.
Путиннің пікірінше, америкалық либералды әлемдік тәртіпке қазіргі уақытта өз дербестігін арттыруға тырысып жатқан батыс елдеріне қатысты қиындық тудырып отыр.
Путин Батыстың үстемдігіне төтеп беру үшін мемлекеттер мен халықтардың даму еркіндігін, адамзат пен жаратқанға махаббатты, мәдениеттер мен дәстүрлердің әралуандығын мойындауды қолдану керек екенін айтты.
"Бүгінгі тарихи сәттің мәні барлық өркениет, мемлекет және олардың интеграциялық бірлестігінің алдында шын мәнінде өзіндік, демократиялық, айрықша даму жолына мүмкіндіктер ашуында жатыр. Ең бастысы, жаңа әлемдік тәртіп заң және құқықа негізделуі, еркін, тәуелсіз және әділ болу керек деп санаймын", - деді Путин.
Ресей президенті өз бетінше даму оқшаулануды емес, керісінше, белсенді, өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуды білдіретінін айтты.
"Ресей экономикасы, әлеуметтік жүйесі, ресурстық базасы, инфрақұрылымы бірін-бірі толықтыратын көршілес елдердің өзара іс-қимылына негізделген үлкен кеңістіктер құру тетіктерін жеделдету маңызды деп санайды. Мұндай үлкен кеңістіктер, шын мәнінде, көпполярлы әлемдік тәртіптің негізі болып табылады. Осы диалогтар адамзаттың күрделі, ерекше және көп өлшемді шынайы бірлігінің қалыптасуына негіз болады", - деді Владимир Путин.
Бұл ретте Путин Еуразияны "ауқымды ресурстардың кез келген түріне және үлкен мүмкіндіктерге ие айрықша кешен" деп атап, оның осы бағыттағы рөлі маңызды екенін айтты.
"Көпполярлы әлемдегі шынайы демократия, ең алдымен, кез келген халықтың, кез келген қоғамның, кез келген өркениеттің өз жолын, өзінің әлеуметтік-саяси жүйесін таңдау мүмкіндігін білдіретініне сенімдімін", - деді ресейлік көшбасшы.
Жаңа әлемдік тәртіпті құру үшін өркениеттер диалогы олардың рухани-адамгершілік, дәстүрлі құндылықтарына негізделеді.
"Біз дәстүрлі құндылықтарды осылай түсінеміз және бұл тәсілді адамзаттың басым бөлігі мақұлдайды. Бұл заңдылық. Өйткені Шығыс, Латын Америкасы, Африка, Еуразия елдерінің дәстүрлі қоғамдары әлемдік өркениеттің негізін құрайды", - деді Путин "Валдай" халықаралық клубының пленарлық отырысында.