Путин ядролық қару қолдануға негіз болатын жағдайлардың тізімін кеңейтті

0
141

Ресей президенті 25 қыркүйекте елдіңі ядролық доктринасын өзгертетініні мәлім еткен.


Путин ядролық қару қолдануға негіз болатын жағдайлардың тізімін кеңейтті

Ресей президентінің баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Ресей президенті Владимир Путин ядролық тежеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздерін бекітті, деп жазады ulysmedia.kz.

Ол Ресей мен Беларусьтің егемендігі мен аумақтық тұтастығына қатер төндіретін әдеттегі қару қолдану арқылы агрессия жасалған жағдайда, ядролық қаруды қолдана алатынын растайтын принципті бекітті.

«Интерфакстың жазуынша, Ресейге немесе оның одақтастарына әскери коалиция құрамындағы кез келген мемлекеттің агрессиясы коалицияның жалпы агрессиясы ретінде қарастырылады.

Путин бекіткен мемлекеттік саясаттың негіздерінне сай, Ресейге қарсы ядролық қаруы жоқ мемлекет тарапынан жасалған агрессия, егер ол ядролық мемлекетпен бірге немесе оның қолдауымен жүзеге асырылса, онда ол олардың бірлескен шабуылы ретінде қаралады.

“Ядролық тежеу ықтималды қарсылас тарапынан әуе қорғаныс күштері, орта және қысқа қашықтықтағы зымырандар, жоғары дәлдіктегі ядролық емес қару және соққы беретін дрондар орналастырылған жағдайда қолданылатын болады” делінген құжатта.

Сондай-ақ Кремль ықтималды қарсылас деп тапқан мемлекет немесе ұйым Ресей шекарасына жақын жерде ауқымды әскери жаттығулар жоспарласа, онда ол қауіп ретінде қарастырылып, ядролық тежеу жүзеге асырылады.

Одан бөлек әндігәрі Ресей инфрақұрылымына жақын әскери коалицияны кеңейту немесе жаңасын құру да ядролық тежеуге жататын қауіп болып саналады.

Құжатта Ресей ядролық қаруды қолдануды соңғы және мәжбүрлі шара ретінде қарастыратыны айтылған.

Ресей президенті 25 қыркүйекте елдіңі ядролық доктринасын өзгертетініні мәлім еткен. Алайда одан бері өзгеріс туралы ақпарат шықпай, Ресейдің Украинаға басып кіргеніне 1000 күн болғанда АҚШ, Франция мен Британия алыс қашықтыққа жететін қаруларымен Ресейдің ішкері жағына соққы жасауға рұхсат бергенінен кейін өзгерістер қабылданып отыр.

Бүгінде Ресейдің Украинаға шабуылынан кейін әлемде қауіпсіздік мәселесіне алаңдаушылық артты. Дүйсенбіде Швецияның миллиондаған тұрғыны ел үкіметінен әскери қақтығыс жағдайында не істеу керектігі жайлы брошюра алды. Мұндай нұсқаулықты Финляндия, Норвегия және Дания үкіметтері де дайындаған.