Путинге "құлпытас" қойған азамат абақтыға қамалды

0
2 436

Молаға ұқсас темір қоршау жексенбі күні, 10 наурызда орнатылған.


Путинге

ERNUR.KZ. Татарстандағы Набережные Челны қалалық соты Ресей президенті Владимир Путиннің суреті бар құлпытас қойып, қабірге ұқсас инсталляция жасаған белсенді Карим Ямадаевты 28 күнге қамады, деп жазады azattyq.org.

Сот Ямадаевты көпшілік акция өткізу не ұйымдастыру ережесін екінші мәрте бұзды деп таныған.

10 наурызда полиция белсендіні Ресей президентіне Набережные Челны қаласындағы тергеу комитеті ғимаратының жанында "құлпытас қойып", акция өткізді деген күдікпен ұстаған.

Путиннің суреті бар, астында "1952-2019" деп жазылған көктас пен молаға ұқсас темір қоршау жексенбі күні, 10 наурызда орнатылған. Белсенді сол күннің кешінен бері полиция бөлімшесінде болды.

Белсендінің адвокаты бұл шешімді аппеляцияға беретінін айтты.