Ресей Украинаның 215 азаматын бостандыққа шығарды

0
563

Ресей Мариупольге шабуыл жасағанда тұтқынға алған 215 украинды бостандыққа шығарды.


ERNUR.KZ. Олардың арасында жоғары лауазымды қызмет атқарған әскерилер мен шенеуніктер де бар. Барлығы 7 ай бойы қамауда отырған, деп жазады inbusiness.kz.

Түркияның араағайындық етуімен бостандыққа шыққандар ең алдымен Зеленскиймен бейне-байланыс арқылы тілдесті.

Бастапқыда Ресей Азов тұтқындарын ұлтшыл деп айыптап, олардың үстінен іс қозғаймыз деген. Кейін Киевтегі билік те 55 ресейлікті бостандыққа шығаратын болған соң, қарсы тарап райынан қайтты.