Ресейде экс-министрлер тұтқындалды

0
1 071

Ресейде бірнеше күн ішінде ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікпен екі экс-министр ұсталды.


Ресейде экс-министрлер тұтқындалды

ERNUR.KZ Мәскеуде бірнеше күн ішінде ірі көлемде қаржы жымқырған деген күдікпен екі экс-министр ұсталды, деп жазады Euronws.com.

Оның бірі – "Ашық үкімет" жұмысына жауап берген Михаил Абызов болса, екіншісі Қиыр Шығысты дамыту жөніндегі бұрынғы министр Виктор Ишаев.

Қазір тұтқындалғандар жайлы Ресейде желі белсенділері қызу талқылап жатыр. Тіпті, Ресей саясатында салмағы бар тұлғалар да араша түсуде екен.

Арнайы жүргізілген сауалнама, бұл жағдайдың Путин үкімтіне абырой әпермесін анықтапты.