Ресейде енді балаларға энергетикалық сусын сатқандарға айыппұл салынады

0
102

Елде балаларға сергітетін сусындарды сатуға тыйым салу наурыз айынан бастап күшіне енгенімен, жазалау шаралары енді ғана күшіне енді.


Ресейде енді балаларға энергетикалық сусын сатқандарға айыппұл салынады

Сусын-pixabay.comФото: pixabay.com

ERNUR.KZ. Ресейде балаларға энергетикалық сусын сатқаны үшін айыппұл енгізілді. Енді мұндай бұзушылық үшін үш миллион теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін. Тиісті заңға ел президенті Владимир Путин қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сондай-ақ көлемі 500 миллилитрден асатын банкаларды сатуға тыйым салынды. Бұл шаралар кәмелетке толмағандардың денсаулығын сақтауға бағытталған. Жергілікті биліктің айтуынша, энергетикалық сусындарды ішу жүрек-қан тамырлары ауруларына және артық салмаққа әкеп соқтырады.
Елде балаларға сергітетін сусындарды сатуға тыйым салу наурыз айынан бастап күшіне енгенімен, жазалау шаралары енді ғана күшіне енді.