Вирус жұқтырған 8 513 адам көз жұмды.
ERNUR.KZ. Ресейдің 85 аймағында коронавирус жұқтырған адамдардың саны 606 881-ге жетті. Бұл туралы 24 маусымда инфекцияның таралуын бақылау мен мониторинг жүргізу бойынша шұғыл штабтың Telegram-каналында жарияланды, деп жазады Тengrinews.kz.
Басылымның мәліметінше, 154 науқас қайтыс болды. Ресейде тәулік ішінде 12 393 адам аурудан айыққан. Жалпы 8 513 адам көз жұмды, 368 822 адам жазылды.
23 маусымда елде жұқтырғандар саны 599 705 болатын. Оның ішінде 7425 адам тәулік ішінде тіркелді. Мәскеу қаласы мен Мәскеу облысында өсім жоғары болып тұр.