Ресейде коронавирустың жаңа мутациясы тіркелді

0
98

Штамм федерацияның 85 өңіріне тарап үлгерген.


Ресейде коронавирустың жаңа мутациясы тіркелді

Фото: citysakh.ru

ERNUR.KZ. Ресейде коронавирустың XFG деп аталатын жаңа мутациясы тіркелді, деп жазады inbusiness.kz.

Аурудың негізгі белгілері – жөтел, дене қызуының көтерілуі және әлсіздік. Ауруханаға жатқызылған науқастардың 90 пайызынан осы нұсқа анықталған.

Ал кейбір науқастарда тамақ қарлығуы мен дауыстың шықпай қалуы да байқалады.

Дәрігерлердің мәліметінше, XFG штаммының жұғу деңгейі алдыңғы түрлерге қарағанда өте жоғары. Тұмауға қарсы салынған екпе вирустан құтқара алмайды.

"Соңғы жылдары вирус үнемі жаңарып, мутацияға ұшырап отырады. Сондықтан жаңа штамм үшін карантин жариялаудың қажеті жоқ. Тек тұрғындар иммунитетті көтеруі тиіс. Жалпы вирустан сақтануға бізде 10-нан астам вакцина шығарылған. Олар уақытша болса да, ағзада иммунитет қалыптастыра алады", – дейді жергілікті дәрігер Светлана Андреева.