Дәрігерлерге арналған уақытша нұсқаулықта қалай әрекет ету, қандай әдіспен емдеу және қандай дәрілерді қолдану көрсетілген.
ERNUR.KZ. Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан қорғайтын, терапия ретінде қолдануға болатын 3 дәріні атады деп жазады, politic.bugin.kz.
Дәрігерлерге арналған уақытша нұсқаулықта қалай әрекет ету, қандай әдіспен емдеу және қандай дәрілерді қолдану көрсетілген.
Нұсқаулықта сондай-ақ коронавирусқа қарсы қолдануға тиімді делінген 3 дәрінің аты жазылған: Рибавирин, Лопинавир/Ритонавир және Рекомбинантты интерферон бета-1b. Нұсқаулықта дәрілерді қолдану дозасы да көрсетілген.
Аталмыш дәрілерді қолдану тек қана дәрігердің рұқсатымен іске асуға тиіс. Рибавирин дәрісін 2002 жылы SARS вирусы тарағанда кеңінен қолданғаны белгілі.