Ресейдің Саратов облысында мұнай базасы өртенді

0
211

Комбинат Кристалл» орны «Энгельс-2» әскери аэродромын жанармаймен қамтамасыз етеді.


Ресейдің Саратов облысында мұнай базасы өртенді

Фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Ресейдің Саратов облысы Энгельс қаласында мұнай өнімдерінің резервуары өртенді. Саратов облысы губернаторы Роман Бусаргиннің айтуынша, зардап шеккендер жоқ. Шабуылдан көпқабатты үй де қирағаны айтылды, деп жазады ulysmedia.kz.

SOTA жариялаған видеода «Комбинат Кристалл» мұнай базасы өртеніп жатқанын байқауға болады. «Комбинат Кристалл» орны «Энгельс-2» әскери аэродромын жанармаймен қамтамасыз етеді.

Белгородта дрондар Октябрь аудандық сотының ғимаратын шабуылдаған. Шабуыл кезінде мұнда Белгород облысы губернаторы Вячеслав Гладков болған. Облыс басшысы зардап шекпеген.

Бұған қоса, Белгород облысында Прохоровка – Беленихино теміржолында тепловоз рельстен шығып кеткен. Бұл туралы Вячеслав Гладков хабарлады. Оның сөзінше, теміржолда жарылыс болған.

Тамбов облысындағы Мичуринск қаласына да дрондар шабуылдап, үш адам зардап шеккен. Бұл туралы облыс басшылығы айтты. Мәскеу мэрі Сергей Собянин қалаға келе жатқан он дрон жойылды деді.

Ресей қорғаныс министрлігі 6 маусымға қараған түні Брянск, Ростов, Саратов, Воронеж, Калуж, Курск, Орлов, Рязанск, Тульск, Белгород, Тамбов, Мәскеу облысында, аннексияланған Қырым түбегінде 174 дронды құлаттық дейді.