"Сабақ болсын дедім": жігіт қалыңдығының үстіне бензин құйып, өртеп жіберді - видео

0
1 034

​Кейбір оқиға куәгерлері қызды құтқарудың орнына видеоға түсіріп тұрған


ERNUR.KZ. Украинаның Бабурка ауылына жақын жерде 2 шілдеде жантүршігерлік оқиға болды. 28 жастағы жігіт 22 жастағы ғашығына бензин шашып, жұрттың көзінше өртеп жіберген. Оқиға куәгерлері қызға көмекке ұмтылса, кейбірі оны видеоға түсіріп әлек болған. Бойжектеннің денесінің 90%-і күйіп, ауруханаға жеткізілді. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр, деп жазады sputniknews.kz.

Зардап шеккен қыздың әлеуметтік желідегі парақшасына қарасаң, бұл қорқынышты жайтқа мүлдем сенгің келмейді. Бойжеткен жігітіне шын ғашық.

"Оның әр бөлшегін жақсы көруге дайынмын, ол маған күнделікті бақыт сыйлағандай, мен де оған бақыт сыйлағым келеді", - деп жазады ол.

Қыздың айтуынша, жігіті танысқаннан кейін келесі күні сөз салыпты, ал арада бір-екі ай өткенде ата-анасына барып, үйленуге рұқсат сұраған екен.


Бірақ қызғаныш салдарынан екі жастың арасында кикілжің пайда болады. Қыздың құрбылары айтқандай, жігіті бойжеткенді қатты қызғанып, әр басқан қадамын аңдиды екен.

Ер адам сотта жылап, кешірім сұрап, кінәсін мойындамай, "сабақ болсын дегенмін" деп ақталды. Оның үстінен "Адам өміріне қастандық жасау" бабымен қылмыстық іс қозғалды.

"Ешкімді өртегім келген жоқ. Қорқытып, ара қатынасымызды нығайтқым келді. Қасымда тұрған еді. Темекі тұтатпақ болдым. Екеуіміз де жана бастадық. Жейдемді шешіп, оны сөндіруге тырыстым", - дейді жігіт.