Германия парламенті Ангела Меркельді (Angela Merkel) федералды канцлер қызметіне қайта сайлады. Бұл оның осы лауазымда қатарынан төртінші мерзімге қалуы. Христиан-демократиялық одақ төрайымының кандидатурасын бундестагтың 364 депуты қолдаған. 315 парламентарий қарсы дауыс берген болса, 9 депутат қалыс қалды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Меркель федералды президент Франк-Вальтер Штайнмайер (Frank-Walter Steinmeier) қолынан канцлер қызметіне тағайындалғаны жөнінде жарлық алады. Кейін жаңа үкімет басшысының бундестаг депутаттары мен мүшелері алдында ант қабылдау рәсімі өтеді. Оның артынша тағайындалу туралы грамотаны президент қолынан министрлер кабинетінің мүшелері қабылдайды. Сәрсенбінің екінші бөлігінде қайта сайланған басшысының қатысуымен Германия үкіметінің алғашқы отырысы өтпек. Бұл Германия Федеративтік Респубика тарихындағы ең ұзақ жасақталған үкімет болмақ. Оған 171 күн кетіпті.