"Швейцария аруын" күйеуі өлтіріп, денесін блендермен ұсақтаған

0
246

Психикалық ауытқу мен патологиялық қызғаныш салдарынан Томас әйелін тұншықтырып өлтірген.


ERNUR.KZ. Швейцарияда сұлулық байқауының финалисі 38 жастағы Кристина Йоксимович айуандықпен өлтірілді, деп жазады Stan.kz.


13 ақпанда Кристина мерт болды. Оның денесінің бөліктері Базель қаласында табылды.

Сөйтсе оны 41 жастағы күйеуі Томас өлтірген екен. Жұптың екі қызы бар.

Психикалық ауытқу мен патологиялық қызғаныш салдарынан Томас әйелін тұншықтырып өлтірген. Ұсталып қалмас үшін ол мәйітті ұсақ бөліктерге бөліп, кейбір бөліктерін блендермен ұсақтап, содан кейін химиялық затпен еріткен.

Ер адам полицияға әйелі оған пышақпен шабуылдағандықтан, өзін қорғау үшін өлтірдім деп ақталды, бірақ сараптама бұл нұсқаны жоққа шығарды. Сотта Томас суыққанды және эмпатияға қабілетсіз адам деп сипатталды.