Шыңжанда 100 күннен бері ешкім коронавирус жұқтырған жоқ

0
589

Шыңжан-Ұйғыр автономиялық өлкесінде ең алғаш коронавирус жұқтырған адам 23 қаңтарда тіркелді.


Шыңжанда 100 күннен бері ешкім коронавирус жұқтырған жоқ

ERNUR.KZ. Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық өлкесінде (ШҰАӨ) 100 күннен бері коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелген жоқ, деп жазады ҚазАқпарат.

«2020 жылдың 31 мамыр 00:00 уақытына сәйкес, Шыңжан-Ұйғыр автономиялық өлкесінде (Шыңжан өндірістік-құрылыс корпусын қосқанда) жаңа індет жұқтыру оқиғасы анықталған жоқ және тіркелмегеніне 104 күн болды» делінген хабарламада.

Айта кетсек, Шыңжан-Ұйғыр автономиялық өлкесінде ең алғаш коронавирус жұқтырған адам 23 қаңтарда тіркелді. Шыңжанда жалпы инфекция жұқтырғандар саны 76 адамға жетіп, оның үшеуі қайтыс болды.

«Өткен тәулікте құрлықтық Қытайда коронавирус жұқтырудың 16 жаңа фактісі тіркелді (барлығы сырттан келген, Сычуаньда – 11, Гуандунда – 2, Ішкі Моңғолия автономиялық өлкесінде – 3)» делінген ҚХР Денсаулық сақтау және гигиена істері мемлекеттік комитетінің күн сайынғы есебінде.

Қытайдың медициналық мекемелерінде коронавирус жұқтырған 76 адам жатыр, өткен тәулікте 3 науқас емделіп шықты. Қайтыс болғандар тіркелген жоқ.

Сәуір басталғалы Қытайда COVID-19 жұқтырған, бірақ аурудың ешқандай белгілері жоқ адамдарға бөлек статистика жүргізіледі. Өткен тәулікте вирус жұқтырған 16 адамда аурудың ешқандай белгілері болмаған. Қазіргі күні мұндай 397 науқас медицина қызметкерлерінің бақылауында.

Эпидемия басталған уақыттан бері құрлықтық Қытайда COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 83 017 адамға жетті, 78 307 науқас емделіп, ауруханадан шығарылса, 4634 адам қайтыс болды.