Сингапур әлемде алғаш болып жасанды ет сатуға рұқсат берді

0
1 101

Жасанды етті америкалық Eat Just компаниясы сатады.


Сингапур әлемде алғаш болып жасанды ет сатуға рұқсат берді

ERNUR.KZ. Әлем бойынша алғаш рет Сингапур билігі зертханада өндірілген тауық етін сатуға рұқсат берді, деп жазады 24.kz.

«Келіп түскен ұсыныстарды бағалап, олардың қауіпсіздігін анықтағаннан кейін америкалық Eat Just компаниясына Сингапурде тауық етін сатуға рұқсат беру туралы шешім қабылданды», - делінген.

Сонымен бірге қызметкерлер тағамның қауіпсіздігін бағалауды жалғастырады.

«Талдаулар жасанды тауық етінің құрамындағы ақуыздың, түрлі аминқышқылдардың, пайдалы майлар мен минералдардың жоғары деңгейлерін көрсетті», - дейді компания.