Зеленский соғысты тоқтатудың маңыздылығын атады.
ERNUR.KZ. Украина президенті Владимир Зеленский Балидегі "үлкен жиырмалыққа" (G20) қатысушыларға бейнебаянында жойқын соғысты тоқтататын уақыт келді деп мәлімдеді, деп жазады stan.kz.
Зеленский соғысты тоқтатудың маңыздылығын атады.
"Ресейдің жойқын соғысын тоқтату керек және оны тоқтататын уақыт туғанына сенімдімін", – деді Зеленский.
Сондай-ақ, Зеленский өз үндеуінде Ресеймен тұтқындарды толық айырбастауды ұсынды.
Естеріңізге сала кетейік, Индонезияның Бали аралында жыл сайынғы "Үлкен жиырмалық" елдер көшбасшыларының саммиті өтуде. Саммитте әлемдік көшбасшылар COVID-19 пандемиясынан туындаған жағдайлар мен өзекті жаһандық мәселелерді, сондай-ақ, жаһандық тұрақты және инклюзивті өсу үшін экономикадағы күш-жігерді талқылауға ниетті.