Корей Халық Демократиялық Республикасында белгісіз безгекке шалдыққандар саны 1,4 миллион адамнан асты.
ERNUR.KZ. Одан 8 адам қызуы көтеріліп көз жұмды, деп жазады exk.kz.
"Өткен тәулікте КХДР-да 269 мыңнан астам адамнан белгісіз безгек анықталып, олардың сегізі қайтыс болды. Бүгінге дейін бұл індетті 1 миллион 483 мыңнан астам адам жұқтырған. Бұл туралы Солтүстік Кореяның орталық ақпарат агенттігі мәлім етті", деп жазды РИА НОВОСТИ агенттігі.
Солтүстік Кореяның орталық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл меймәлім дерт елде сәуір айының соңынан тарай бастаған.