Президенке коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасы егілді.
ERNUR.KZ. Аргентина президенті Альберто Фернандес коронавирустық антигенге тапсырған сынағы оң болғанын, енді екінші ПТР-тест нәтижесін күтіп отырғанын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.
Антигендік тест - антиденелерді тексеру емес, мұндай зерттеулер ағзадан белгілі бір вирустық антигенді анықтайды, бұл инфекция бар деген сөз.
"Мен бүгін дене қызуым 37,3-ке көтеріліп, аздап бас ауырғаннан кейін антигенге тест тапсырдым, оң нәтиже берді.
Өте мұқият болу керек. Барлық ұсынысды орындаңыздар. Пандемия аяқталған жоқ", - деп жазды ол Twitter-де.
Аргентина президенті қазіргі уақытта ПТР-тест нәтижесін күтіп отырғанын айтты. Ол сондай-ақ жағдайы жақсы екенін жазды.
Қаңтарда Президент әкімшілігі оның "Спутник V" вакцинасының алғашқы компонентін салдырғанын хабарлаған болатын.
Фернандеске коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасы егілді.