Қаржы полициясы тергеу мүддесі үшін жоғарғы оқу орнын атамай отыр.
фото draperlawoffice.com
ERNUR.KZ.Қырғызстанның экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі мемлекеттік қызметі Бішкектегі жоғарғы оқу орындарының бірінде алаяқтық жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды sputniknews.kz centralasian.org. сайтына сілтеме жасап.
Мекеме мәліметі бойынша, қаржы полициясына елуден астам шетел студенті жүгінген. Олар 2017 жылы қыркүйекте әрқайсысы оқуға 2 900 доллар (барлығы 145 мың доллар) төлегенін айтқан. Бірақ түбіртек берілмеген, ақша кассаға түспеген. Соның салдарынан студенттерді ақша төлемегені үшін оқудан шығарды.
Қаржы полициясы тергеу мүддесі үшін жоғарғы оқу орнын атамай отыр.
"Алаяқтық" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу оқу орны басшыларынан қылмысқа кімдердің қатысы барын анықтап жатыр.
Қырғызстанда жоғарғы кәсіби білім беретін 51 ұйым бар. 2017/2018 оқу жылы 162 мың студент оқуын бастаған.