Ташкент түбіндегі ауруханалар коронавирус жұқтырған науқастарға толды

0
475

Өзбекстанда коронавирустың "қытай", "британ" және "үнді" штамдары тіркелген.


Ташкент түбіндегі ауруханалар коронавирус жұқтырған науқастарға толды

ERNUR.KZ. Ташкент облысындағы 600 науқасты емдеуге арналған Зәңгіата-2 ауруханасы толып қалды. Ташкент, Самарқанд және Наманган облыстарының, сонымен бірге астананың науқастарын осы ауруханаға тасыған, деп жазады centralasian.org.

Дәрігерлердің айтуынша, жазда пневмонияға шалдыққан науқастардың коронавирус жұқтырғанын анықтау қиын, бірақ мамандар өкпені COVID-19 зақымдаған деген қорытындыға келген.

Медицина қызметкерлері мен өзбекстандықтар Үндістанда тіркелген коронавирус штамы Өзбекстанды жайлай бастаған болуы мүмкін деп алаңдайды.

Бұл уақытта, көршілес бірнеше ел коронавирус эпидемиясының үшінші толқыны басталғанын жариялап үлгерді.

2020 жылы Ташкент облысында салынған Зәңгіата-2 ауруханасында науқастар күрт көбейіп кеткен.

"Науқастар пневмонияға шалдыққан. Блок 600 науқасқа шақталған. Қазір аурухана 95 пайызға толды", – дейді аурухана дәрігері.

Өзбекстанда коронавирустың "қытай", "британ" және "үнді" штамдары тіркелген. Шенеуніктер "үнді" штамы елге Ресейден келген деп топшылайды.