250 текше метрге жуық жерде топырақ опырылған.
ERNUR.KZ. Ташкентте толассыз жауған жауын-шашын салдарынан метро құрылысы кезінде жер опырылды, деп жазады tengrinews.kz.
Басылымның мәліметінше, төтенше жағдай жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 10.00-де құрылыс жұмыстары кезінде болған. 250 текше метрге жуық жерде топырақ опырылған.
Құтқарушылар оқиға орнынан бес адамның денесін тапты - 1999 жылғы Д.Абдуллаев, 1986 жылғы А.Диеров, 1989 жылғы Ж.Равшанов, 1956 жылғы Т.Абдуллаев пен 1996 жылғы И.Рахматов.
Төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігі мен мердігерлік құрылыс компаниялары жұмылды.