Татарстанға жасалған дрон шабуылы Қазақстандағы мұнай өңдеу зауытына әсер етуі мүмкін

0
374

Ресей шикізатына тәуелді


Татарстанға жасалған дрон шабуылы Қазақстандағы мұнай өңдеу зауытына әсер етуі мүмкін

Primeminster.kz

ERNUR.KZ. Нижнекамскке жасалған дрон шабуылының салдары Қазақстанға да әсер етуі мүмкін. Батыс Қазақстан облысындағы «Конденсат» мұнай өңдеу зауытына шикізат жеткізу мәселесі туындауы ықтимал, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ресей шикізатына тәуелді

Мұнай-газ саласының сарапшысы Олег Червинскийдің айтуынша, бастапқыда куәгерлер дрон шабуылы «Нижнекамскнефтехим» кәсіпорны орналасқан өнеркәсіптік аймаққа жасалғанын хабарлаған. Кейін шабуылдың негізгі нысанасы «Татнефть» компаниясына тиесілі «ТАНЕКО» мұнай өңдеу кешені болуы мүмкін деген ақпарат тарады.

Әлеуметтік желілерде кәсіпорындағы мұнайды бастапқы өңдеу процесінде маңызды рөл атқаратын ректификациялау колонналарында өрт шыққаны жазылды.

«ТАНЕКО» өндірісінің Батыс Қазақстан облысындағы «Конденсат» мұнай өңдеу зауыты үшін маңызы бар. Себебі бұл кәсіпорында өндірілетін нафта мен газ конденсаты 2024 жылдың ақпанынан бері «Конденсат» зауытында өңделіп келеді.

“ Онда өндірілген нафта мен газ конденсаты 2024 жылдың ақпанынан бастап Батыс Қазақстан облысындағы «Конденсат» мұнай өңдеу зауытында қайта өңделіп келеді. Алайда зауытты отандық шикізатпен қамтамасыз ету мәселесін әлі де жолға қою мүмкін болмады. Қазақстанның 2024–2050 жылдарға арналған мұнай өңдеу саласын дамыту тұжырымдамасының жобасында «Конденсатты» ел ішінде өндірілген мұнаймен қамтамасыз ету мәселесін пысықтау туралы тармақ бар “, – деп жазды Червинский.

Егер Ресей кәсіпорнына келтірілген залал өндіріс көлеміне немесе өнім жеткізіліміне әсер етсе, қазақстандық зауыт та шикізат тапшылығына байланысты қиындықтарға тап болуы мүмкін.

«Конденсат» мұнай өңдеу зауыты мұнай өндірілетін өңірде орналасқанымен, оған қазақстандық шикізат жеткіліксіз. Сондықтан мұнайдың бір бөлігі Ресейден тасымалданады.

Контекст

Дрондар Нижнекамск қаласына 10 тамызға қараған түні шабуыл жасаған. Өнеркәсіптік және азаматтық нысандар соққыға ұшырады.

Кейінгі мәлімет бойынша, 13 адам қаза тапқан. 75 адам медициналық көмекке жүгінген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары да бар.

Татарстанда аза тұту күні жарияланды.