Тәжікстан аумағында бір тәулікте төртінші рет жер сілкінді

0
1 020

Бүгін түнде Тараз, Шымкент және Түркістан тұрғындары сезген жер сілкінісінің ошағы да Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 740 км қашықтықта Тәжікстан аумағында орналасқан болатын.


Тәжікстан аумағында бір тәулікте төртінші рет жер сілкінді

ERNUR.KZ. Тәжікстан аумағында бір тәулікте төртінші рет жер сілкінді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-ның сейсмостанциялары бүгін сағат 08.53-те тағы бір жер сілкінісін тіркеді. Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 723 км қашықтықта Тәжікстан аумағында орналасты. Энергетикалық санаты – 11,5. MPV магнитудасы – 5,1. Тереңдігі – 15 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ.

Айта кетейік, бүгін түнде Тараз, Шымкент және Түркістан тұрғындары сезген жер сілкінісінің ошағы да Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 740 км қашықтықта Тәжікстан аумағында орналасқан болатын.

Одан кейін таңғы сағат 06.27-де Қазақстан сейсмологтары Тәжікстандағы тағы бір жер сілкінісін тіркеді.

Сағат 07.30-да да Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында жерасты қозғалысы сезілген.