Францияның 3 зауытында өндірілген санитарлық заттар мемлекетке тегін берілмек.
ERNUR.KZ. Әлемдік бренд LVMH қолды зарарсыздандыруға арналған құралдар шығаруға кірісті, деп хабарлайды Хабар24.
Компанияның президенті Бернард Арно коронавируспен күресте ауруханаларға көмек көрсету туралы шешім қабылдады.
Францияның 3 зауытында өндірілген санитарлық заттар мемлекетке тегін берілмек. Париждің 40 ауруханасына шамамен 12 тонна антисептик жеткізіледі.