Ұлы Қытай қорғанының бір бөлігі құлап қалды

0
2 649

Жергілікті туризм басқармасы қорғанның бүлінген жерін жөндеу үшін шұғыл шаралар қолданып жатыр.


 Ұлы Қытай қорғанының бір бөлігі құлап қалды

фото: Baq.kz

ERNUR.KZ. Ұлы Қытай қорғанының жақында қалпына келтірілген бөлігі бірнеше күн бойы тоассыз жауған жаңбыр салдарынан құлап қалды, деп хабарлайды Baq.kz.

Жергілікті туризм басқармасы қорғанның бүлінген жерін жөндеу үшін шұғыл шаралар қолданып жатыр. Дәл сол бөлігі қауіпсіздік үшін уақытша жабық.
«Жөндеу жұмыстары қашан бітетіні кейінірек белгілі болады», - дейді шенеуніктер.
Яньмэнь асуы Мин династиясы (1368-1644) кезінде салынған, ол Яньмэнь тауынан солтүстікке қарай 20 шақырымдық жерде орналасқан. Таяуда Ұлы Қытай қорғанының тағы бір бөлігі құлады. Маусым айында Шаньси провинциясындағы Датундегі қорғанның дұрыс қалыпқа келтірілмегені хабарланған. Ол кезде ескі кірпішке ұқсас заманауи құрылыс материалдары қолданған.

2016 жылы Ляонин провинциясы жақтағы қорғанды қайта қалыпқа келтірген кезде құрылысшылар цемент құйып, оны туристердің жүруіне ыңғайлы болуы үшін деп түсіндірген. Сарапшылар мұндай жөндеу жұмыстары шығынға батыруы мүмкін екенін айтқан. Ұлы Қытай қорғаны 21,2 мың шақырымға созылады және ол 15 правинциялы ауданды басып өтеді.