Түркия Президенті COVID-19-ға қарсы қытайлық екпені салдыртты

0
2 420

Президентпен бірге билеуші ​​Әділет және даму партиясының мүшелері COVID-19-қа қарсы вакцина алды.


Түркия Президенті COVID-19-ға қарсы қытайлық екпені салдыртты

ERNUR.KZ. Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған күні кеше Анкарада қытайлық Sinovac Biotech компаниясының CoronaVac вакцинасын салдыртты, деп жазады Zakon.kz.

Ол әлеуметтік желіде айтқанындай, онымен бірге билеуші Әділет және даму партиясының мүшелері COVID-19-қа қарсы вакцина алды. Ол партия жетекшілері мен депутаттарды халыққа вакцинация туралы түсінік жұмыстарын жүргізіп, көпті екпе салдыруға шақыруға үндеді.

Түркиядағы 250 мыңнан астам медициналық қызметкер коронавирусқа қарсы вакцина салдыртты, - деді Президент. Вакцинация процесі сәтті өтті. Ол вакцинаның тиімділігіне қанағаттанушылық білдірді.

Түркия денсаулық сақтау министрлігінің сайтында жарияланған мәліметтерге сәйкес, өткен тәулікте Түркияда COVID-19 инфекциясының 8962 жаңа жағдайы, 170 - кісі өлімі тіркелді. Ал пандемия басталғалы бері Түркияда КВИ жұқтырушылардың жалпы саны 2 364 801 құрайды, кісі өлімі - 23 495, ковидтен емделіп жазылғандардың жалпы саны - 2 236 938.