Гуманитарлық көмекті AFAD пен Түркия Қызыл Жарты Ай қоғамы дайындады.
фото: Анадолы
ERNUR.KZ. Түркия Сирияның Айн-аль-Араб қаласына 11 жүк көлігімен гуманитарлық көмек жіберді, деп жазады inbusiness.kz.
Түркияның Табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD) және Түркия Қызыл Жарты Ай қоғамының қолдауымен дайындалды. Бес көлікте – 50 тонна ұн, біреуінде көрпелер, бесеуінде балалар жөргектері мен азық-түлік бар.
25 қаңтар күні көмек Сирия үкіметімен және Алеппо қаласындағы Көмек үйлестіру орталығымен бірлескен ынтымақтастық аясында аймаққа жіберілді.


