Қарағандыда монша өртеніп, 12 адам эвакуацияланды

0
77

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде ғимаратты қою түтін басқан.


Қарағандыда монша өртеніп, 12 адам эвакуацияланды

Сурет: pexels

ERNUR.KZ. Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданында үш қабатты ғимараттың жертөле қабатында өрт шықты, деп жазады zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт ғимараттың жертөле қабатында орналасқан бу бөлмесінде тұтанған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде ғимаратты қою түтін басқан.

"ТЖМ қызметкерлері баспалдақ арқылы ғимараттан 12 адамды, оның ішінде бір баланы эвакуациялады", – деп хабарлады ведомство 2026 жылғы 18 қарашаға қараған түні.

Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.