Түркияда 7 қабатты ғимарат опырылып түсті

0
101

Оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істеп жатыр.


Түркияда 7 қабатты ғимарат опырылып түсті

Фото: Anadolu ajansı

ERNUR.KZ. Түркияның Коджаэли қаласында жеті қабатты тұрғын үй құлады, деп жазады inbusiness.kz.

Қазір оқиға орнында жүзден астам құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Бұдан басқа полиция мен жедел жәрдем қызметі де жеткен.

Оқиға Коджаэли қаласының Гебзе ауданында болған. Жеті қабатты ғимарат белгісіз себеппен опырылып түскен. Үйдің бірінші қабатында дәріхана болған, ал ғимарат қасында метро құрылысы жүргізіліп жатқан.

Ішкі істер министрі Әли Ерликаяның сөзінше, қиранды астында бес адам қалып қойған деген болжам бар. Құтқару жұмыстарына 147 қызметкер тартылған, олардың қатарында Төтенше жағдайлар басқармасы, жергілікті әкімдік пен үкіметтік емес ұйымдардың мамандары бар. Арнайы техника, дрондар мен іздеу-құтқару иттері де жұмылдырылған.

Коджаэли провинциясының губернаторы Ильхами Акташтың сөзінше, ең басты мақсат адамдарды құтқару болып отыр.